Инженерлік-геологиялық жұмыстар
- Топырақты өрістік зерттеу, гидрогеологиялық зерттеулер
- Геофизикалық зерттеулер, барлау және суретке түсіру
Геологиялық ізденіс жүргізу – бұл құрылыстың бастапқы кезеңдерінің бірі, ол жобаны құрудың алғы шарты. Инженерлік геологияның басты мақсаты – құрылысты бастау алдында жергілікті жердің табиғи геологиялық жағдайын зерттеу және объектілердің құрылысы мен пайдалану барысында геологиялық ортада жүруі мүмкін өзгерістерді болжау.
Біздің компанияда өзінің аттестатталған топырақ зертханасы бар. Жабдықтар құрамында компррессиялық және ығысу аспаптары, кептіргіш және сорғыш шкафтар, рН-метрлер мен дистилляторлар бар. Бұның барлыңы бізге жеке фундаменттер негіздерін есептеу үшін топырақтың су-физикалық және механикалық қасиеттері көрсеткіштері бойынша топыраққа сынақ жүргізуге мүмкіндік береді. Бізде топырақ пен жерасты суларын химиялық талдау үшін барлық қажетті жағдайлар мен реактивтер бар.
Топырақ пен жерасты суларының бетондарға агрессивтілігін анықтаймыз.