Компанияның қызметі мен қағидалары

«ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ құрылуы мен дамуында орасан жолды өтті. 45 жылдан астам жобалауға қатысып келеді және аэродромдардың қауіпсіздігі мен табысты пайдалануына әсер ететін шешімдерді қабылдайды.

Азаматтық авиацияның жер үсті базасын жетілдіру саласында жетекші жобалық институт бола отырып, «ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ көптеген министрліктер мен ведомстволар үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ғарыш агенттігі үшін әкімшілік, өндірістік, әлеуметтік, қосымша және арнайы мақсаттағы жобаларды орындайды. Ресей мамандандырылған кәсіпорындармен бірге «ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ Байқоңыр космодромында «Бәйтерек» ғарыштық ракета кешенін құру бағдарламасына қатысты. Өзінің қызметі жылдарында институт Қазақстан Республикасының 190 астам  қалаларында және ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түрменияда, Әзірбайжанда әртүрлі техникалық күрделілікті 2000 астам жобаларды жасаған. «ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ Қазақстанның азаматтың авиациясында Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға сәйкес бірыңғай тірек жүйесі ретінде қабылданған Бүкілодақтық геодезиялық координатасы жүйесін -1984 (WGS-84) енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруға қосылған. «ҚазӘуеЖоба» РМК жобалық қызметі ҚР СТ ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйелері талаптарына сәйкес сертификатталған. «Қазәуежоба» институты ТМД елдерінің «Аэропорт» азаматтық авиация қауымдастығының және Қазақстан Республикасыныі Инжиниринг компаниялары одағының мүшесі болып табылады.

Аса маңызды жобалар – Ашхабад қ., Ташкент қ., Қарағанды қ. Халықаралық әуежайлары, жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысымен бірге Астан қ., Ақтөбе қ., Көкшетау қ әуежайларын кешенді қайта құру, әуе кемелеріне қызмет көрсету объектілері-КДП ғимараттары, Астана қаласындағы авиациялық ұшақтұрақтар, Алматы қ. Ұшақтұрақ кешені, CinemaCity кинотеатры, Астанадағы 29 және 16 қабатты үйлер, Астана қ. Және Шымкент қ. Әскери секторлары. Біздің мамандар жапония әріптестермен бірге жолаушылар терминалын, КДП ғимаратын және Астана қ. Бірқатар объектілерін жобалады. Француз мамандармен бірге Астана қ. Жаңа терминалы жобасын жасады. Және әрбір жағдайда өз кәсіпқойлығының жоғары деңгейін көрсетті. «ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының мүшесі болып табылады. http://napr.kz/index.php/about/members

«ҚазӘуеЖоба» АҚ І-санатты лицензиясы бар, ол жоғары жауапкершілік деңгейдегі объектілерді жобалауға мүмкіндік береді:

  • ірі және күрделі кәсіпорындардың және құрылымдардың құрылысына техникалық-экономикалық негіз, есептеулер жасауға, жобалауға тапсырма құруға, құрылыс үшін алаң таңдауға, жобалық және әзденіс жұмыстарының көлемін, кезеңдерін және құнын анықтауға қатысады;
  • жобалау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді, орындаған ізденісжәне әрекеттегі ғимараттар мен құрылымдарды өлшеу  материалдарын дайындайды;
  • құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемін, жабдықтар, өнімдер мен материалдар құрамы мен мөлшерін анықтаумен жобалық құжаттаманы дайындайды;
  • құрылыс құнының сметалық есептерін құрады;
  • авторлық қадағалауды жүргізумен қатар құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдауға қатысады;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды және азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік, техникалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге қатысады;
  • азаматтық авиация саласында сараптама қызметтерін орындайды;
  • азаматтық авиация объектілерін техникалық инспекциялауға қатысады;

Бүгінгі күні компанияның ұжымын азаматтық өнеркәсіптік және әскери объектілерді жобалауда тәжірибесі мол жоғары білікті мамандар құрайды.


Бұл ретте бөлім жұмыскерлері төмендегілерге ұмтылуға бағытталған: 

  • жобалық шешімдердің оңтайлылығы;
  • объектілердің айқындылығы;
  • ICAO халықаралық стандарттарға сәйкестігі;
  • жобалау мерзімін қысқарту;
  • жаңа технологиялар мен материалдарды қолдану;
  • шығындарды оңтайландыру және жобалардың жоғары сапасы.

Заманауи жағдайларда бір де бір жоба сенімді және толық инженерлік-геологиялық зерттеулерсіз жобалануы, құрылуы (қайта құрылуы) және пайдалануға берілуі мүмкін емес, оны «ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ-да жоғары білікті мамандар жүргізеді, топырақтану зертханасында фундамент негіздерін есептеу үшін топырақтың физика-механикалық қасиеттерінің сипаттамасын, топырақ пен жерасты суларының химиялық құрамын, түсті металдарға қатысты топырақтың коррозиялық белсенділігі және басқа мәліметтер анықталады. Біздің компанияда барлық инженерлік жүйелерді – жылыту, желдету, су құбыры және кәріз  жобалау саласында біршама тәжірибе мен терең білімдер жиналған. Барлық техникалық және құрылыстық жұмыс заманауи компьютерлік бағдарламалар көмегімен орындалады, олар тапсырыс берушіге қажетті өнімнің оңтайлы нұсқаларын жедел есептеуге және таңдауға мүмкіндік береді. Бізде жаңа жабдықтардың ең үздік отандық және әлемдік өндірушілерінің жабдықтаушылармен сенімді байланыстар орнатылған және қол жетімді бағаға қол жеткізілген. «ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ  кезекті жобасын дайындауда барлық ұжымның барлық күрделі  жұмысының қорытындысы кәсіпқойлыққа, жұмыскерлердің нақтылығы мен жеделдігіне  байланысты. 

«ҚазӘуеЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ  барлық жобалары «Жобаларды мемлсараптау» РМК-нан оң қорытынды алады.